Жүрегі оң жақта орналасқан әйелге күрделі ота жасалды

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИАстаналық дәрігерлер ішкі ағзалары әдеттегіден керісінше орналасқан әйелге күрделі жүрек отасын жасады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Науқас жүктіліктің соңғы айларында денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған. Сәбиін босанғаннан 40 күн өткен соң оған шұғыл түрде жүрегіне ота жасау қажет болған.

Астаналық Гүлжан Фазылованың жүрегіне қатысты мәселе жүктілік кезінде анықталған. Тексеру барысында оның жүрегі адамдардың басым бөлігіндегідей сол жақта емес, оң жақта орналасқаны белгілі болды.Былтыр қыркүйекте жүктіліктің 30-аптасында медициналық көрсетілімдерге байланысты әйелге кесарь тілігі жасалған. Босанған соң шамамен 40 күн өткенде оған жүрегіне ота жасау қажет болған.

Дәрігерлер науқастың жүрек қақпақшаларының бірі қатты тарылғанын анықтаған. Салдарынан қан айналымы қиындаған. Осыған байланысты мамандар зақымданған қақпақшаны биологиялық протезбен алмастыру туралы шешім қабылдаған.

Үш сағатқа созылған отаны №2 қалалық көпбейінді аурухананың жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Алексей Смоленский бастаған мамандар тобы жасаған.

Операцияның күрделілігі науқастың жүрегі мен басқа да ішкі ағзаларының әдеттегіден өзгеше орналасуымен байланысты болды.

Дәрігердің айтуынша, мұндай жағдай оның тәжірибесінде алғаш рет кездескен. Сондықтан хирургтер отаға алдын ала мұқият дайындалған.

“Әріптестерімнің қолдауының арқасында операцияға алдын ала дайындалдық. Жүректің компьютерлік томографиясын қарап, негізгі қан тамырларының орналасуын тексердік. Жүректің анатомиялық құрылымын да егжей-тегжейлі зерттедік”, – деді жүрек-қан тамырлары хирургі Алексей Смоленский.

Маманның мәліметінше, митральды қақпақшаны алмастыру операциясы сәтті өткен. Отадан кейінгі тексеру барысында әйелдің жүрегі қалыпты жиырылатыны, ал орнатылған протездің дұрыс жұмыс істеп тұрғаны анықталған.

Ем қабылдап, жағдайы тұрақталған Гүлжан Фазылова ауруханадан үйіне шығарылмақ. Енді ол сәбиі мен отбасына оралып, ана міндетіне кірісе алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.