Денсаулық сақтау министрі: тұмау көрсеткіші 15%-ға төмендеді

2 512

Фото: freepik.comДенсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын мәлімдеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, тұмау көрсеткіші 15%-ға төмендеген.

“Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қабылдаған шаралар нәтиже беріп жатыр. Қазір ауруханалардағы төсек-орындар шамамен 60% толған”, – деді министр.

Министр сонымен бірге көрсеткіштердің оңалып, денсаулық сақтау жүйесі жүктемеге төтеп беріп жатқанын атап өтті. Бұған дейін дәрігерлер Қазақстанда ЖРВИ мен "Гонконг тұмауының" маусымы басталғанын хабарлаған болатын.

Осыған байланысты кейбір өңірлерде оқушылар онлайн оқуға ауыстырылды. Денсаулық сақтау министрлігі әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға ерекше назар аударуға шақырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.