16 жастағы жасөспірімді демалыс орнында жылан шағып ауруханаға жеткізген

2 519

Фото: ТЖМКөлсай көлдерінде 16 жастағы қызды жылан шағып, ауруханаға жеткізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекшілік атқарып жүрген кезде болған. Демалушылар құтқарушыларға жүгініп, жасөспірім қызды жылан шаққанын хабарлаған.

Құтқарушылар зардап шеккен қызға құтқару бекетінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізген.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, аптап ыстықта бауырымен жорғалаушылардың белсенділігі артады.

Құтқарушылар белгіленген бағыттан шықпауға, демалатын орынды мұқият тексеруге, сондай-ақ жыландарға жақындамауға және оларды ұстауға әрекет жасамауға кеңес береді.

Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, 112 нөміріне хабарласу қажет.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.