Илья Ильинге шұғыл ота жасалды

2 560

Фото: ашық дерек көзіАуыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне ота жасатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Әдетте, мұндай отадан кейін қалыпқа келу мерзімі шамамен алты айды құрайды. Алайда Ильин денсаулығы жақсы екенін, көп үзіліс алмайтынын айтты. Спортшы  жаттығуға қайта оралуға асық екенін жеткізді.


Былтыр Илья Ильин оқырмандарға шашын тақырлап алып тастағанын айтып, көпті таң қалдырған болатын. Кейін белгілі болғандай спортшы шашын қалыңдату үшін Түркияға барып, арнайы кішігірім ота жасатқан. 


Айта кету керек, мұндай процедурасы сиреп қалған шашты қалыңдату үшін арнайы ота арқылы жасалады. Адамның бас терісіне шаш талшықтары орналастырылады. Ота жергілікті анестезия арқылы жүзеге асырылады.  


Естеріңізге салсақ, Илья Ильин төрт рет (2005, 2006, 2014 және 2015 жылдары) ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.