Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30-дан аса адам көз жұмды

309
Қазақстанда 14 сәуірдегі жағдай бойынша 26 адам коронавирустан, тағы бесеуі КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының 2229 жаңа жағдайы тіркелді. 

14 сәуірдегі жағдай бойынша 35 821 адам коронавирустан емделеуді жалғастыруда (35 322 КВИ + және 499 КВИ-). Олардың ішінде 12 482 пациент ауруханаларда, ал 23 339 пациент амбулаториялық деңгейде процедура қабылдап жатыр. 

КВИ + және КВИ- пациенттерінің арасында:

579 науқастың жағдайы ауыр, 

162 науқастың жағдайы өте ауыр,

117 науқас таныс алу аппаратында.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус бірден 26 қазақстандықтың өмірін жалмады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, кеше КВИ белгілері бар пневмонияның 130 жаңа жағдайы тіркеліп, 5 адам қайтыс болды.