8 айлық сәбидің ішінен ине шыққан

2 526

Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасыТүркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызылша болуы мүмкін деген диагнозбен 8 айлық сәби жеткізілген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында жүргізілген рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде баланың іш қуысынан бөгде зат — ине анықталған.

Сәбидің мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурумен емес, дәл осы бөгде заттың әсерінен болғаны белгілі болған.

Дәрігерлердің айтуынша, ине баланың асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсынан енгені анықталған. Баланың анасы инені сәби өздігінен жұтпағанын жеткізген.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының және қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп, шұғыл ота жасап, қажетті ем-шараларды толық көлемде жүргізген.

Уақытылы жасалған хирургиялық ота мен тұрақты емнің арқасында сәби қазіргі таңда жылдам қалпына келе бастады. Бұл жағдай сәбидің анасы тарапынан барлық ата-аналарға арналған сақтық үндеуі болды. Ол балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін тұрмыстық заттарға мұқият болуға шақырады, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.