ДДСҰ басшысы әлем елдерін маска режиміне оралуға шақырды

660
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданам Гебрейесус коронавирустан қайтыс болғандар санының көбеюіне байланысты әлем елдерін маска режиміне оралуға шақырды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

ДДСҰ бас директорының сөзін SkyNews порталында  жариялады. Басылым көптеген елдің коронавирус инфекциясына байланысты шектеулерден бас тартқанын атап өтті. Дегенмен ДДСҰ басшысы COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады деп есептейді. "Мен COVID-19 жұқтырғандар санының көбейіп жатқанына алаңдаулымын. Инфекцияның қайтадан өршуі қазірдің өзінде ауыртпалығы көп денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне қосымша қысым жасауда. Бұдан бөлек мені өлім-жітім жағдайларының көбеюі алаңдатады", - деді Тедрос Аданам Гебрейесус.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.