Бейжіңде COVID-19 жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

194
ҚХР үкіметі ұзақ уақыттан кейін алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайын тіркеді, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы жергілікті билік өкілі Сюй Хэцзянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оный айтуынша, Бейжіңдегі түнгі барлардың бірінде анықталған кластерлік індет тез таралу сатысында, ал Қытай мегаполисінде індеттің екінші рет өршу қаупі жоғары болып отыр. Бейсенбіден бері қалалық түнгі барға байланысты 115 COVID-19 оқиғасы тіркелген.

3.5 миллион халық тұратын қаланың ең көп шоғырланған Чаоян аймағындағы түнгі барда коронавирус жұқтыру жағдайлары көптеп анықталатыны күтіліп отыр.

"Чаоян ауданындағы барда пайда болған коронавирустың бұл түрін Синфади базарынан шыққан бұған дейінгіге қарағанда бақылау және алдын алу қиын", - деді Хэцзян.

COVID-19 індетіне байланысты Бейжің билігі 13 маусымнан бастап мектептерде сабақты оффлайн режимге ауыстыруды шешті. Жаңа ережеге сәйкес, қала мектептеріндегі бастауыш және орта мектеп оқушылары қашықтан білім алуды жалғастырады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.