"Спутник V" вакцинасы қолданыстан шеттетілді

432
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты. - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы брифингте ДДСҰ  жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасары Ярбас Барбоса мәлімдеді.

"Sputnik V-ді төтенше жағдайларда (EUL) пайдалану үшін тізімге енгізу процесі тоқтатылды, өйткені вакцина жасалатын зауыттардың бірін тексеру кезінде оның тиісті өндірістік тәжірибеге сәйкес келмейтіні анықталды", - деді ол.

Директордың орынбасары бұл процедура ресейлік тарап барлық белгіленген кемшіліктерді толығымен жойғаннан кейін ғана жалғасады дейді.Содан кейін ДДСҰ өкілдері тағы бір қайта тексеру жүргізетін болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.