50 дәрі МӘМС бойынша тегін берілетін дәрілер тізімінен алынды

2 341

Фото: istockphoto.comДенсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға тегін немесе жеңілдетілген медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің тізбесіне өзгеріс енгізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Халықаралық тәжірибе мен медициналық ұсыныстарды негізге ала отырып, 32 нозология мен 52 дәріні алып тастау арқылы тізімді оңтайландыру ұсынылған.

“Карбамазепин” балалар мен ересектер арасында қолданыстан шығарылды. Эпилепсиямен ауыратындардың жартысынан көбі осы дәріні қабылдайтын. Олар сондай-ақ кең спектрлі антибиотиктерді алып тастады. Сонда амбулаторлық негізде емделетін негізгі пул алынып жатыр”, – дейді Медицина ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері бұл дәрілік заттар емдеу процесінде маңызды рөл атқармайтынын, ал кейбіреулері қайталанатын дәрілер екенін алға тартады. Көбісі симптомдарды жеңілдетеді, бірақ емдеу нәтижесіне әсер етпейтін көрінеді. Оның үстіне мұндай дәрілерді сатып алудың логистикалық шығындары терапияның өзіндік құнынан асып кеткен.

“Біз негізінен мүгедектікке және өлімге әсер етпейтін, көбіне дербес емделетін жедел, қысқа мерзімді аурулар туралы айтып отырмыз. Бұл шешім науқастар дәрі-дәрмексіз қалады дегенді білдірмейді. Дәрілік заттар республикалық бюджеттен сатып алумен қатар, қажет болған жағдайда жергілікті бюджет есебінен сатып алынады және емдеу-профилактикалық ұйымдардың өзі сатып алады”, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры Гүлнәр Сәрсенбаева.

Дәріханашылар тізімнен шығарылған дәрі-дәрмектер негізінен қымбат емес екенін, бірақ олардың арасында құны 15 мың теңгеден асып кететіндері де бар екенін, ол қалтаға салмақ салатынын айтады. Тізімнен шығарылған кейбір дәрілік заттың аналогы жоқ көрінеді.

“Дәрігерлер заңнама бойынша қолданыста бар дәрілік заттарды жазып беруі керек. Әр дәрі-дәрмектің арзан немесе қымбат аналогы бар. Тізімнен калий хлориді және натрий хлориді еріткіштерін көзіміз шалып қалды. Ең қызығы, оларды қалай тізімге енгізіп жүр? Жүйені орнатасыз, сол антибиотик, оған еріткіш қажет. Еріткіш жоқ – оны өз ақшаңызға сатып алыңыз”, – дәріхана иегерлері бастамашыл тобының өкілі Камилла Коберидзе. 

Бұл шара, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, ауыр созылмалы ауруларды – жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, эндокриндік және ұзақ мерзімді әрі қымбат терапияны қажет ететін басқа да ауруларды емдеуге бағытталған қаражаттың бір бөлігін босатады. Бұйрық 3 мамырдан бастап күшіне енеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.