Дәрігерлер өліммен арпалысты: Төртіншу қабаттан құлаған әйел аман қалды

2 507

Фото: Bagdar mediaАлматыда төртінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген әйел аман қалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Науқас екінші дәрежелі комаға түсіп, жарақаттық және геморрагиялық шок алған. Сондай-ақ жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, кеуде тұсы ауыр зақымданған.

Дәрігерлер оның өмірлік маңызды ағзаларының қызметін қалпына келтіріп, зақымданған сүйектерін металл пластиналар мен бұрандалардың көмегімен бекіткен.

Отадан кейін екінші күні науқасты қозғалысқа келтіру жұмыстары басталған. 18 күн ем қабылдаған соң әйел үйіне шығарылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.