Дәрігерлер өліммен арпалысты: Төртіншу қабаттан құлаған әйел аман қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда төртінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген әйел аман қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Науқас екінші дәрежелі комаға түсіп, жарақаттық және геморрагиялық шок алған. Сондай-ақ жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, кеуде тұсы ауыр зақымданған.
Дәрігерлер оның өмірлік маңызды ағзаларының қызметін қалпына келтіріп, зақымданған сүйектерін металл пластиналар мен бұрандалардың көмегімен бекіткен.
Отадан кейін екінші күні науқасты қозғалысқа келтіру жұмыстары басталған. 18 күн ем қабылдаған соң әйел үйіне шығарылды.
Қаз
Рус






