Студент алаяқтарға сеніп, 10 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылды

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАқтөбеде жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын екінші курс студенті интернет-алаяқтардың құрбаны болып, қомақты қаржысынан айырылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қыздың WhatsApp мессенджеріне белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту сылтауымен студенттің сеніміне кірген. Арада біраз уақыт өткен соң оған тағы бір белгісіз адам хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол белгісіз біреулер студенттің атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшасын қорғау үшін оны «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін жеткізген.

Алаяқтардың сөзіне сенген студент оқу ақысын төлеу үшін депозитке жинаған қаражатын шешіп алып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 10 миллион теңгеге жуық ақша аударған. Тек ақшаны аударғаннан кейін ғана қыз алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Полиция департаменті азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады!

Алаяқтар SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту, сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарату және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару сияқты түрлі тәсілдерді қолданады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.