Қызылорда облысында наурыз айында 331 адам қызылша жұқтырды
Қызылорда облысында наурыз айында 331 адам қызылша жұқтырды. Бұл ауру бойынша төмендеу тенденциясы байқалып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанып келеді. Биыл қаңтар айында ол 366 адамнан ауру анықталса, ақпанда ол 347 деректі құрады. Ал наурызда аталған көрсеткіш 331 адамға түсті.
Департамент мамандары ата-аналарды 6-11 айлық сәбиін, 2-5 жас аралығындағы балаларын ауруға қарсы егуге шақырады. Бұдан бөлек, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбір бала 12-15 айлығында және 6 жасында қызылша, қызамық пен паротитке қарсы вакцина алуы қажет екенін айтады.