Қазақстан дәрі-дәрмек шығаруды 36 пайызға азайтты

1 284

Қазақстанда фармацевтикалық препараттар өндірісі 36%-ға қысқарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ұлттық статбюроға сілтеме жасап.


2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді.


Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9% артық болған (73,3 млрд тг).


Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.


Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.


Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.