Қызылордалық хирургтер 4 жасар қыздың асқазанынан бір келіден астам шаш алды
398
4 ақпанда Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургтері "асқазан трихобезоары" диагнозы қойылған қызға ота жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар 4 жасар баланың асқазанынан салмағы бір келі және ұзындығы 34 сантиметр болатын шашты алып тастады.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, сәби оларға тәбетінің төмендеуі, іш ауруы, құсу шағымдармен келіп түскен.
Отаны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Көркем Баекей, ассистент Самат Шуақбаев, медбике Ақмарал Бекташова жасаған.
Хирургтың сөзіне сүйенсек, трихобезоар - бұл асқазандағы бөгде зат. Көбінесе бұл психологиялық бұзылуға байланысты, балалар жүнді, өз шаштарын жұтып қояды. Жылдар бойы мұның бәрі жиналып, асқазанда толады, тамақ ішіп, оны сіңіре алмағаннан бүгінде қыздың тәбеті жоқ.

"Тексеру және диагностика кезінде ісік тәрізді түзілуді байқадық. Қазір науқастың жағдайы орташа. "Асқазанның алып трихобезоары" диагнозы қойылып, ота жасау туралы дереу шешім қабылданды", - деді Әлімжан Төлегенов.
Отаны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Көркем Баекей, ассистент Самат Шуақбаев, медбике Ақмарал Бекташова жасаған.
"Бұл мұндай бірінші ота емес, екі жыл бұрын осындай ота жасағанбыз, бірақ ол кезде көлемі аз болған", - деп қосты дәрігер.
Хирургтың сөзіне сүйенсек, трихобезоар - бұл асқазандағы бөгде зат. Көбінесе бұл психологиялық бұзылуға байланысты, балалар жүнді, өз шаштарын жұтып қояды. Жылдар бойы мұның бәрі жиналып, асқазанда толады, тамақ ішіп, оны сіңіре алмағаннан бүгінде қыздың тәбеті жоқ.
"Біздің болжам бойынша, нәресте бір жастан бері шаш жеп бастаған. Отадан кейін қыздың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ауруханада ол кем дегенде тағы 10 күн болады", - деді Төлегенов.