ҚЫЗЫЛОРДАДА №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАЙ ШЫҚТЫ
Қызылордада орналасқан 55 жылдық тарихы бар емхана талапқа сай емес екендігі анықталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Жанның байлығы – деннің саулығы. Сондықтан әр азамат өзінің басты байлығын сақтау үшін барын салады. Ал халықтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің мойнына артылған басты міндеттердің бірі. Бірақ еліміздегі денсаулық сақтау саласы бүгінге дейін сыннан арылған емес. Жұрттың денсаулығына жауапты ведомствоға тағылар айып көп. Неге? Өйткені көптеген қарапайым халық басы ауырып, балтыры сыздаса, емханадан қажетті ем ала алмай әлі де әбігерге түсіп жүр.
Бұл туралы «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Бақтыбаева Ляззат өзінің Facebook парақшасына жариялады.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне 1 емханаға қарасты жедел жәрдем қызметіне қатысты қала тұрғыны шағым жасаған.
Шағым негізінде емханаға барып, емханада адам құқықтарының сақталуына Даурен Шарипбаевпен бірлесіп қарау жасалды. Қарау барысында емхана типтік емес ғимаратта орналасқаны және қызмет алушыларға қолайсыз екені анықталды.
Күніне 500 қызмет алушысы бар 5 қабатты ғимараттың тек 1 қабатында 1 көзді ортақ әжетхана және ғимарат сыртында 3 көзді әжетхана бар екені анықталды.
Одан бөлек, ғимарат өжіресінің (подвал) есігі жабылмаған, қызмет алушылар және қызметкерлер денсаулығы және өміріне қауіпті.
Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оңтайландырылмаған, тек 1-ші қабатта ғана пандус орнатылған.» - деген жазба қалдырған.
Ең сорақысы емхана әкімдігі өз мекемесінде орын алып жатқан жағдайдан бейхабар күй танытқандай.
Тозығы жеткен ғимарат жаны қысылып, дерті асқынған жан түгілі сау адамның өзін ауыр ойларға жетелейді және еңсесін езеді. Бұл көрсеткіш тұрғындарға медициналық көмектің сапасыз көрсетілетіндігін де айғақтайды емес пе?! «Біздегі медициналық мекемелердің басым көпшілігі өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін бой көтерген ескі ауруханалар мен емханалар. Олар моральдық тұрғыда да, технологиялық тұрғыда да ескірген болар, сірә? Десе де емханалардың ғимараттары мен технологияларының ескіріп, соның салдарынан медициналық қызмет сапасының төмендегендігі жөнінде талай жылдардан бері айтылып келеді.
Облыс бойынша жаңа медициналық мекемелер бой көтеріп жатқаны да рас. Ескірген медициналық мекемелерге толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңа ғимарат салып беру туралы облысымыздың бас дәрігері пікір білдірген:
Сол жақ жағалаудан салынып жатқан Қан орталығы берілген уақытта аталған емхана филиалы қосымша ашылады. Сол кезде босаған жерлерден ішке санитарлық кабинеттер кіргізуге мүмкіншілік болады.
Жертөленің есігі іште мамандар жұмыс жасап жатқан соң ашық болған»,- дейді Олжас Искаков.
Тіпті науқастарға қажет дәрігерлер жоғары қабатта орналасқандығын. Оның үстіне халық үшін ыңғайсыздық тудыратыны жазылып, айтылуда. Бірақ... Оның нәтижесін көріп отырған жан жоқ.