Қызылорда облысында жалған ПТР-анықтама сатқан медқызметкерле істі болды

386

Фото: Денсаулық сақтау министріСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте Қызылорда облысының медициналық қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы хабар берілді. Болжам бойынша, олар коронавирусты анықтайтын ПТР- лық анықтаманың теріс нәтижесін 7 мың теңгеден сатқан.
"Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі екі медициналық мекеменің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің тергеуі басталды. Олар 2020-2021 жылдары коронавирусты анықтайтын ПТР-тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы тестіден өткізбей-ақ, жүйелі негізде сатып отқан.
Анықтамалар вахталық әдіспен жұмыс істейтін, шетелге шығатын, Байқоңыр қаласына кіретін және т.б. жұмысшыларға арналған", - дейді Данияр Бекайдаров. 
Медқызметкерлерге бір анықтама үшін 7 мың теңгеден төлеген. 
"Медицина қызметкерлері бұл ақшаны ұлттық сараптама орталығы аймақтық филиалының лауазымды тұлғаларына пара аудару керек деген желеумен алған деседі. Осылайша, пара беруге итермелеген", - дейді Бекайдаров.
 2021 жылдың басынан бастап олар жергілікті тұрғындарға алпысқа  жуық жалған анықтама берген.
 "Жалған анықтамалар жасалған компьютерлік техника мен мөр тәркіленді. Медқызметкерлер кінәларын толықтай мойындап отыр", - дейді жемқорлыққа қарсы қызмет иелері.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.