Астана әуежайы аутизм спектріндегі балаларға бейімделген қызмет енгізді
Елорда әуежайында аутизмі бар балаларға арналған арнайы таным ленталары қолданылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы барлық жолаушы үшін жайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы мақсатта әуежайда аутизм спектрінде ерекшелігі бар балаларға арналған арнайы таным ленталары қарастырылған. Бұл бастама әуежай жұмыскерлеріне қосымша назар мен қолдауды қажет етуі мүмкін жолаушыларды дер кезінде байқап, ұшу алдындағы рәсімдер кезінде барынша түсіністікпен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Арнайы лентаны ата-аналар немесе бірге жүретін тұлғалар тіркеу аймағында әуежай қызметкерлерінен не әуе компаниясы өкілдерінен сұрата алады.







