Денсаулық сақтау министрлігі ораза ұстаушыларға бірқатар кеңес берді
Денсаулық сақтау министрлігі Рамазан айының 30 - күн оразасын ұстауға ниет еткен жандарға маңызды кеңестер ұсынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
19 - шы ақпан күні қасиетті Рамазан айы кірді. Осы орайда мамандар Ораза ұстау барысында денсаулық жағдайын ескеру маңызды екенін атап өтілген.
Дәрігерлер ұсынған кеңестері:
Ауызашар мен сәресі арасындағы уақытта су ішуді ұмытпаңыз. Кешкі және түнгі уақытта суды аз-аздан, бірнеше рет ішкен дұрыс;
Ауызашар кезінде, асты баяу әрі жеке қажеттіліктерге сәйкес мөлшерде ішіңіз. Бұл асқазандағы ауырлықты және қыжылды болдырмауға көмектеседі;
Күніңізді белсенді өткізіңіз және кешкі уақытта қозғалысты азайтпаңыз, мысалы, күнделікті серуенге шығыңыз;
Сәресіні қалдырмаңыз. Ол күн ұзаққа энергияны сақтауға және әлсіздік пен бас айналу қаупін азайтуға көмектеседі;
Тәтті, тұзды және майлы тағамдарды шектеңіз. Тәттілердің орнына суы көп жемістерді таңдаған дұрыс (қарбыз, қауын, маусымдық жемістер).
Рамазан – денсаулыққа көңіл бөлуге және темекіден бас тартуға алғашқы қадам жасауға тамаша уақыт. Ораза әдеттерді бақылауға көмектеседі және тоқтауға жеңілдік береді.
Мамандар ораза ұстаушыларды жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді берік ұстануға шақырады.
Қаз
Рус






