Жүйке-жүйесі бұзылған науқастарды еңбекпен емдеу терапиясы үшін күркетауық өсіріледі

2 627

Фото: Pyxabay.comАтырау облысында жүйкесі бұзылған науқастарға арналған еңбек терапиясы үшін күркетауық өсіру қолға алынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Махамбет ауданындағы № 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Гүлнәр Зинеденованың мәліметінше, 1942 жылы ашылған психоневрологиялық сырқатқа шалдыққан 309 науқас емделеді. Оның ішінде 152 ер, 157 әйел адам бар. Емделушілердің 33-іне І топ, 276-ына ІІ топ мүгедектігі берілген.


«Күркетауық психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарды еңбекпен емдеу терапиясы үшін қосалқы шаруашылықта өсіріледі. Былтыр қосалқы шаруашылықта ешкі, тауық және қоян өсіру үшін қоражай салынды. Қазір қосалқы шаруашылықта 10 ешкі, 3 лақ, 33 қоян, 9 тауық өсіріледі», — дейді Гүлнәр Зинеденова. 


Оның айтуынша, орталықта пандус, зағип жандар үшін тактилді жолақ, ақпараттық мнемосхема, Брайл қарпімен жазылған тақтайшалар орнатылған. 


«Орталықта қауіпсіздік мақсатында 93 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Оның 45-і сыртқы аулаға, 48-і бөлімшелерге орнатылды. Бейнебақылау камерасына талшықты желі орнатылып, полиция қызметіне қосылды», — деп мәлім етті Гүлнәр Зинеденова. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.