Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40,8 млрд теңге аударды
140
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 1 қарашасына дейінгі аралықта Қызылорда облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40,8 млрд. теңге аударды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Оның 25,8 млрд. теңгесі (63,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 15,0 млрд. теңге (36,8%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлемдеді.
Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
Дәл осы құралдар сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтында, «Денсаулық сақтау» бөлімінде, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.







