Тимур Мұратов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Мұратұлы Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
1977 жылы Абай облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған.
Әр жылдары «Ақ ниет» сауықтыру орталығында, Қорғаныс министрлігінің Бас әскери емханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары — Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.
2015-2017 жылдары — №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
2017-2018 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2019 жылдары — Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері.
2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары болды.
2020 жылдан 2023 жылға дейін — Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы.