19 жастағы қыз анасына бауырын беріп өмірін сақтап қалды

2 686

Фото: freepik.comТүркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. Анасының өмірін сақтап қалу үшін 19 жастағы қыз донор болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

48 жастағы Ульяна Нұрметова бауыр циррозымен ауырған. Оны құтқарудың жалғыз мүмкіндігі трансплантация болды. Оның қызы донор болып, анасының өмірін сақтап қалды. Бұл аймақ тарихындағы алғашқы ота болды.

Отаны ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары жүргізді. Денсаулық сақтау министрлігі отаның сәтті болғанын, отадан кейінгі кезең жақсы өтіп жатқанын және трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталғанын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.