Астана әуежайы аутизм спектріндегі балаларға бейімделген қызмет енгізді

2 519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©️ulysmedia.kzЕлорда әуежайында аутизмі бар балаларға арналған арнайы таным ленталары қолданылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы барлық жолаушы үшін жайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы мақсатта әуежайда аутизм спектрінде ерекшелігі бар балаларға арналған арнайы таным ленталары қарастырылған. Бұл бастама әуежай жұмыскерлеріне қосымша назар мен қолдауды қажет етуі мүмкін жолаушыларды дер кезінде байқап, ұшу алдындағы рәсімдер кезінде барынша түсіністікпен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Арнайы лента арқылы жұмыскерлер баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, тіркеу, тексеруден өту, рейсті күту және отырғызу барысында қолайлы жағдай жасауға тырысады. Бұл балалар мен олардың ата-аналары үшін сапарды анағұрлым тыныш әрі жайлы өткізуге көмектеседі,"- делінген хабарламада.

Арнайы лентаны ата-аналар немесе бірге жүретін тұлғалар тіркеу аймағында әуежай қызметкерлерінен не әуе компаниясы өкілдерінен сұрата алады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.