Өрттен зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді

2 515

Фото: ©️Ақмола облысының ТЖДӨрттен зардап шеккен бес адам Астана қаласындағы Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Олардың төртеуі ұшақпен, ал біреуі жергілікті көлікпен жеткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек хабарлағандай, кеше Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде болған өрттен зардап шеккен бес пациент Астана қаласына ауыстырылған.

Өрттен зардап шеккен бес адам Астана қаласындағы Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Олардың төртеуі ұшақпен, ал біреуі жергілікті көлікпен жеткізілген.

- Төрт пациент ұшақпен жеткізілді, біреуі - жергілікті көлікпен жөнелтілген. Екеуі Бурабай аудандық ауруханасынан, үшеуі көпсалалы облыстық ауруханадан ауыстырылды, - деді Нариман Ермек.

Сондай-ақ, ол ең ауыр жағдайдағы пациенттердің Акмола облысында қалатынын, олардың транспортациялануына мүмкіндік жоқ екенін айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.