Өрттен зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Өрттен зардап шеккен бес адам Астана қаласындағы Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Олардың төртеуі ұшақпен, ал біреуі жергілікті көлікпен жеткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек хабарлағандай, кеше Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде болған өрттен зардап шеккен бес пациент Астана қаласына ауыстырылған.
Өрттен зардап шеккен бес адам Астана қаласындағы Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Олардың төртеуі ұшақпен, ал біреуі жергілікті көлікпен жеткізілген.
Сондай-ақ, ол ең ауыр жағдайдағы пациенттердің Акмола облысында қалатынын, олардың транспортациялануына мүмкіндік жоқ екенін айтқан.
Қаз
Рус






