3 күнде 68 адамда өкпе обыры күдігі бары анықталды

2 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepikӨкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған Ашық есік күндерінде 2 897 науқас дәрігерлердің консультациясын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шығыс Қазақстан облысында 1209 адам өкпесін тексеруге келді. Екінші орында — Ақмола облысының тұрғындары, онда онкология орталығына 389 адам жүгінді; үшінші орында - Қызылорда облысы, онда 373 тұрғынға консультациялық көмек көрсетілді.


Барлық тексерілгендердің 68-інде обырауруына күдік бары анықталды, 83-інде обырға дейінгі жағдайлар анықталды.


Диагнозды түпкілікті растау немесе жоққа шығару үшін пациенттер одан әрі тереңірек диагностикаға жіберіледі.


Сондай-ақ, консультациялар барысында 712 басқа ауру анықталды. Барлығы 836 түрлі зерттеулер мен талдаулар жүргізілді (КТ, ультрадыбыстық, биопсия және басқалар).


Өкпе обыры - Қазақстандағы ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын шамамен 3500 жаңа жағдай анықталады. Бұл аурудың негізгі себебі темекі шегу болып табылады, бұл барлық жағдайлардың шамамен 90% -ын құрайды.


Қазақстандық онкологтар 45 пен 69 жас аралығындағы темекі шегушілерге жыл сайын өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясын (ТДКТ) тапсыруды ұсынады. Бұл әдіс обыр ауруын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, бұл сәтті емдеу және қалпына келтіру мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.


Ашық есік күндері 1-3 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік онкологиялық ұйымдарында өтті. Іс-шара Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылғанын естеріңізге сала кетейік.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.