Дәрі бағасын әлі де түсіру керек — Олжас Бектенов

2 561

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ДСМПремьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында дәрі бағасын төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс-шарада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігі нарыққа қалай әсер етіп жатқанын баяндаған.

— Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесінде баға едәуір төмендеп, 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.
Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттардың бағасын 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді. Мысалы, иматиниб дәрісінің бағасы 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге төмендеді. Ал бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 теңгеден 77 мың теңгеге дейін төмендеді.
Сондай-ақ, жаңа баға белгілеудің арқасында тікелей келісімшарттар мен тендерлік рәсімдер шеңберінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді, — деді Ақмарал Әлназарова.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын айтты.

— Бағаны реттеу бағытындағы істеріңізді қолдаймыз. Осы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру керек, — деді Үкімет басшысы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.