Қазақстандық дәрігерлер пестицидтермен күрес тәсілдерін меңгерді

2 673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Изат СмекеновАлматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арнайы семинар өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оңтүстік астанаға өңірлерден келген токсиколог дәрігерлер, жедел жәрдем қызметкерлері химиялық қоспадан уланған кезде дұрыс диагностика жасауды үйренді. Нақты ем көрсету және денсаулыққа мейлінше зардабын азайту жөнінде тәжірибелерін толықтырды. Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері елдің бес өңірінде зерттеу жүргізген. Тәжірибе фермерлердің пестицидтерді орынсыз қолданатынын, жеке бастың қорғанысына аса мән бермейтінін көрсеткен. «Зиянкестерге қарсы заттың үздіксіз әсері қатерлі ісік ауруына, Альцгеймер және Паркинсон дертіне, гормондық ауытқуға әкеп соқтырады», – дейді дәрігерлер. 

Мухсин Ақбаба, медицина ғылымдарының докторы, профессор: - Пестицидтермен күресте алғашқы қадам – ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдардың қорғаныс тәсілдерін меңгеруіне күш салу. Сонымен қатар Ұлттық токсикологиялық орталық құру керек. Бұл медицина қызметкерлерінің біліктілігін артыруға, ортақ емдеу механизмін құруға,  пестицидтер мен химиялық заттардан уланудың алдын алуға көмектеседі.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.