Кейбір қазақстандықтар үшін МӘМС жарнасы өседі

2 594

Фото: gov.kzДепутат Асхат Аймағамбетов 12 наурызда Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар төлеу үшін табыстың жоғарғы шегін ұлғайту ұсынылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  


Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытындыны дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол заң жобасының мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.


“Біріншіден, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни 57-32%-ға дейін қысқарту, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін 68%-ға дейін ұлғайту, екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғары шегін 10 есе ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру, үшіншіден жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық деңгейге жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу көзделіп отыр”, – деді депутат.


Комитет заң жобасын жұмысқа қабылдауға және оған қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.