Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берді

2 500

Фото: ДСМ ресми сайтыДенсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз еркімен қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергені жөнінде мәлімдеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

"Көптен бері қабылдаған шешімімді – қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру жөніндегі өз еркімді білдіргенімді көпшіліктің алдында жариялағым келеді.
Бұл туралы ашық айтуды маңызды деп санаймын. Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыздың бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттілігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан", - деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдарға өмірден өткеннен кейін де көмектесудің бір жолы.

Министрдің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда шамамен 184 мың адам өз еркін білдіруін eGov арқылы тіркеп қойған. Келісім білдірушілер саны артып келеді.

Алайда күту парағындағы әрбір санның артында өмірін сақтап қалуға деген үміт бар.

Бүгінде 4 867 отандасымыз трансплантаттауды күтуде:

4 311 адамға – бүйректі трансплантаттау қажет;

212 адам – жүрек трансплантаттауын күтуде;

314 адам – бауыр трансплантаттауын күтуде;

30 адам – өкпе трансплантаттауын күтуде.

"Біз қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің ғана міндеті емес екенін үнемі айтып келеміз. Бұл – қоғамның сенімі, ашық қоғамдық диалог және әр адамның саналы түрде қабылдаған шешімі", - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.