COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 140 адам

383
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 114 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 397 667 жетті.
6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 374 адам коронавирус инфекциясынан (–1 183+ және 191 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 5 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 693 адам қайтыс болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.