Әлемді жайлаған коронавиурс қаншалықты қауіпті

119
Жаһанды жайлаған тәжвирус (коронавирус) дүниежүзі елдеріне оңай соқпай тұр. Қазіргі уақытта індеттің өршуі бәсеңдеп, тұралаған экономика жанданып, дами түсті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
 
 Бірақ коронавирус пандемиясының екінші толқыны да келуі мүмкін деген ғалымдардың болжамдары да бар.  Осынау тәжвирус өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Қытайдың Хубей провинциясы, Ухань қаласынан табылған болатын. Содан әлемді шарлады. Қазір дүние жүзі елдері коронавирустың екінші толқынына дайындалып, медициналық мүмкіншіліктерін арттыруда.  Дегенмен мұндай пандемия ауқымы әлемде алғаш рет таралып отырған жоқ.  XX ғасырдағы «испан тұмауы» деген атпен мәлім тұмау адамзат тарихындағы ең ірі пандемия саналады. 18 айда әлемнің 550 млн адамы «испандық тұмауды» жұқтырып, індеттің құрбаны болды. Тіпті, кейбір мамандар бұл тұмаудан 100 млн адамның өмірмен қоштасқанын айтады. Адамзат бір ғана жиырмасыншы ғасырдың өзінде  бірнеше ауыр пандемияны бастан өткерді. 1918-1920 жылыы «испан тұмауы», 1957-1959 жылдары «Азия тұмауы» пандемиясы, 1968-1969 жылдары «Гонконг тұмауы» пандемиясы. Дегенмен пандемияның адамзатқа тигізген қайғы-қасіреті көп. Одан тек сақтанып, вирустың алдын алу шараларын тұрақты жасау қажет. Осы орайда пандемияның адамзат өміріне тигізетін қаупі, вирустың иммунитетке тигізетін зияны, коронавирус пандемиясының тарихы туралы Qazaqstan tarihi порталының білікті дәрігер, қоғам қайраткері Толқын Ақанұлымен сұхбатын ұсынамыз.
 
- Құрметті Толқын мырза, әлем тарихында түрлі пандемиялар орын алғаны белгілі. Олардың жер шарындағы адамдарға тигізген зияндары да қаншама. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған коронавирус пандемиясының да адамзатқа тигізіп жатқаны зияны да орасан. Осынау індеттен жер жаһанда қаншама адам қайтыс болды. Қазір дүниежүзі елдері вирусқа қарсы вакницаларды ғылыми-тәжірибеден өткізуде. Әлемде болып жатқан пандемия, яғни GOVID 19 короновирусқа қатысты қазіргі таңда қазақтың ішінде де айтылып жатқан емдер де көп, қазақи дәстүрін пайдаланып жатқандарда бар, ғылыми емшілікте жүріп жатыр. Осы дерт хақында  не айтар едіңіз? Мұндай вирустар адамзат тарихында көп болды ма? 
- Адамзат коронавирус сияқты індеттермен ерте замандардан бері күресіп келеді. Осыдан бір ғасыр бұрын орын алған "испан тұмауыда" әлемде қаншама адамның өмірін жалмады. Тарихта безгек, шешек сияқты жұқпалы ауруларда болды. Оларда қаншама адамның өміріне қауіп төндірді. 2009-2010 жылдары әлемде "доңыз тұмауы" жүрді. Бұл індет бойынша 250-мыңнан астам жұқтыру дерегі тіркеліп, әлемнің 140 елінде 3 мыңға жуық адам көз жұмды. Өкінішке орай "доңыз тұмауынан" коронавирус пандемиясы орасан зор қауіпті болып шықты. Коронавирус  – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Вирусты микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына да адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып  жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген тұрғындар болды. Кейін әлемге тарап, біздің елге де жетті. 
Короновирус туралы тоқталсақ, короновирустың жалпы сыртқы бейнесіне қарасаң, короновирустың ауру бейнесіне қарасаң бұл ауру бұрыннан бері бар және ғалымдар коронавирус біздің заманымызға дейін 10000 жыл бұрын немесе одан ерте пайда болған болуы мүмкін деп жорамалдайды. Және осы вирусты 4 туысқа жіктейді. Бұлардың жер бетінде ең кең тараған кезі – шамамен б.э.д 3300 жылдан б.э.д. 2400 жыл аралығы болуы мүмкін деген пікірде. 
Барлық коронавирустың эволюциясы мен таралуы жылы қанды құстар, жарғанаттар, бактериялардың денесінде жүріп отырған. 1890 жылы OC43 деп аталатын ірі қара малдың коронавирусы анықталды. Ал 1950 жылдары анықталған адамзаттың NL63 коронавирусы және жарғанаттың MRCA коронавируснан 563–822 жыл бұрын бөлінген. 2003 жылы жаппай таралған SARS коронавирусы 1986 жылы жарғанаттың коронавирусынан бөлініп шыққан. SARS вирусының эволюциялық жолы жарғанатпен тікелей байланыста болған. Ол жарғанаттың Hipposideridae тұқымдасынан басталып, бірнеше тұқымдасына одан жыртқыш сүтқоректілерге таралу арқылы соңында адамдарға таралған. Коронавирустардың көпшілігі басқа вирустар сияқты - түшкіру, жөтелу, жұқтырған адамдармен байланыста болу немесе олар тұтынған күнделікті заттарға қол тигізу арқылы тарайды.

 Қазір таралып жатқан 2019-nCoV вирусы MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы, 2012 жылы Сауд Арабиядан таралған) және SARS (Ауыр жедел респираторлық синдром, 2003 жылы Қытайдан бастап таралған) сияқты жақын түрлеріне (классификация бойынша барлығы Betacoronavirus туысына жатады) қарағанда өте төзімді штам болып отыр.      

Вирус адамзат қоғамында тұрақты түрде таралатын болса оны эндемиялық дейді. Мысалы тауықтың жұқпалы ауруы мен адамзатта тұмау тудыратын вирустар көптеген елдерде кең таралған, бірақ бұл ауруларды вакцинациялау және ауру кезінде адамдарды үйде оқшау ұстау арқылы бақылауға болады. 
Қазіргі туындап отырған тағы бір мәселе коронавирустың эндемикалық түрге айналып кету қаупі. Ондай жағдайда, тұмау сияқты, бұл вирустың таралуы кезінде вакцина жасалғанға дейін орасан өлімге алып келуі мүмкін. Себебі, бұл вирусты жұқтырған адамдарда басқа вирус жұққанда байқалатын айырмашылығы бар ешқандай белгілер байқалмай отырғандығы. Сол үшін жұқтырған науқасты дер кезінде анықтау қиын әрі вирустың қаншалықты жұқпалы екендігі қазірге белгісіз.

 - Демек, бұл дерттің тарихы ұзақ, құрамы күрделі, зақымдауы күшті болғаны ғой? 

- Короновирус жалпы адамзатқа зияны, жұқпалы, зиянды тұмау ретінде тіркелген. Ал осы жолғы короновирусты ғылыми түрде дәлелдеп айтсақ, короновирустың жалпы өзіне SARS қосылған. SARS-тің және жұқпалы обаның қосылуымен және барған жерінде жабысқақтығымен және оның ішінде СПИД-ке ұқсас тіпті, рак тәріздес жазылмайтын созылмалы, адам емін таппайтын аурулардың қайнарының қосылуы оны одан ары күрделі дертке айналдырды. Сол үшінде осы жолғы короновирусты бүкіл әлем адамзат қолынан жасаған вирус деген тұжырымға келіп отыр. 
Осындай көп түрлі қорқынышты аурулардың қосындысы болғандықтан әлем бұл аурудың вакцинасына, еміне, алдын алу шарасына дайын болған жоқ. Сол үшін бүкіл әлемдік алапат ретінде тіркеліп отыр. Жаңа айтқанымыздай мұның қиындығы күрделі екендігінде. Былайша айтқанда, қорқынышты бір ғана дерт емес, қорқынышты 5-6 аурудың жиынтығы болып, адамзатқа үрейлі алапат әкеліп отыр. Мейлі оны кім жасасын, біреулер айтады: «Америка жасады» деп, біреулер айтады: «Қытай жасады» деп. Бірақ кім жасасада адамзатқа әкелген осы ғасырдың ішіндегі үлкен алапат дерт. Осындай күрделі, тосын, көп түрлі қоздырғыштығы осы реткі коронавирустың жалпы бұрынғы ауруларға ұқсамайтындығы есептеледі.

- Расында да әлемдік алапат болды. Ендеше, зиянды деңгейі мен әлемдік ем-шаралары мен еліміздегі жағдайы қалай болып отыр? 

- Ал коронавирус бүкіл әлемге алаңдатушылық, экономикалық дағдарыс, мемлекет ара қайшылық, адамзат ара тоқырау міне осының бәрін әкелді. Күні бүгінге дейін тұрақты короновирустың алдын алатын вакцина, не болмаса емдейтін дәріні, емін әлі күнге дейін ешкім ойлап шығара алмады. Ал енді қосымша айтқанда емдеу әдістері болды. Яғни вирустың алдын алу, иммунитеттік жүйесін көтеру, адамзаттың қан айналымын жақсарту секілді көптеген адам ағзасына кері әсер келтіретін кедергілерді жою арқылы вирус жұққан адамдарды ажалдан аман алып қалды. 
Бұл коронавирус жөніндегі жалпы тұжырым әлемдік пандемия болып саналды. Ал біздің Қазақстанда коронавирус қаншалық дамыды, яғни қаншалық жұқты дегенде біздің Қазақстан бойынша бүкіл мемлекет бойынша әрбір облыс, әрбір аудан, әрбір ауыл аман қалған жоқ. Барлық жерлерге таралды. Тіпті мынау пневмония (өкпе қабынуы) не болмаса тұмау деп қабылдадық. Жұқпалы тұмау, жұқпалы өкпе қабынуы келіп жатыр дедік. тіптіі бұл аурудың кез келген анық-қанықтығы кейде арнайы тесттен шықпады. Мүмкін тесттің қателігі шығар. Мүмкін коронавирустың құбылғаны шығар. Әйтеуір біздің халқымызға өкпе қабынуы және тұмау болып келді. Ал зардабы ешқашан сол коронавирустан кем болған жоқ. Біз короновирустың атынан қорқамыз. Оның келіп шыққан зардабының атынан қорқамыз. Шынында өкпе қабынуыменен тұмау коронавирустың зиянынан ешқандай төмен болған жоқ. Халқымыз қаншама зиян шекті, қаншама экономикалық дағдарыс болды, қаншалаған жақсы адамдарымыздан, қанша жастар, қанша қарттарымыз осы аурудан көз жұмды. Пневмония дедік, өкпе қабынуы дедік, тұмау дедік еркелеттік, әйтеуір атын солай қойдық. Бірақ бұл әлі дәлелденген жоқ. Ол өкпе қабынуыменен жаңағы тұмау коронавирус деп дәлелденген жоқ. Бірақ зияны бәрі бір короновирустан кем болған жоқ. Ал енді жалпы жұқпалы аурулардың үлкен заңдылығы бар. Бір жұққан адамға екінші қайтып келмейді.
Осы ауру кесірінен жатып тұрған адамның, яғни жазылып шықтым деушілердің қайта ауруы мүмкін бе? Жалпы сипаттамасын айта кетсеңіз? 
- Жұқпалы аурудың негізгі қасиеті не болмаса сипаттамасында бір ауырған адам толығымен жазылған жағдайда ол адам қайта ауырмайды. Яғни жұқпалы ауруға иммунитеттік қарсылық қуат қалыптасады. Вакцина деген сөз жұқпалы ауруды жеңіл жұқтыру дегенге негізделген. Сондықтан вакцина алған адамға жұқпайды. Яғни бір ауырып тұрдық па, яғни вакцина деген сөз.  
Ал, енді біз қорқамыз. Тұмау болуы мүмкін, өкпе қабынуы болуы мүмкін, енді коронавирустың өзі келуі мүмкін деп қорқамыз. Бірақ менің өз тәжірибемде осы жолғы тұмаумен, пневмониямен ауырған адамдар коронавируспен ауырған жоқ. Демек, екеуінің тамыры бір, жұғымдануы, вирустық түрі бір. Енді осы жерде мен арнайы тексеру тест жөнінде адамзатты ойландырғаны: біреулерде нәтиже бүгін шықса, енді біреулерде ертеңгісі теріс нәтиже көрсетіп жатты. Сондықтан осы жасалынып жатқан сынамаларға күмәнім бар. Жалпы тест жөнінде айтқым келгені сынаманы алып отырған лабораториялық қызметкерлердің жұмыс істеу барысындағы әрекеттеріндегі кемшіліктері бар шығар, я болмаса тест сынамаларында кемшіліктер бар шығар? Яғни ауырған адамдар арасында бір күні коронавирус, келесі күні корновирус емес деген теріс нәтиже берген тұстары да бар. Сол үшін жалпы біз қазақ елі осы коронавирустың зиянын шектік. Қаншама адамдарды жолға салып, жер қойнауына тапсырдық. Бұл коронавирустың қазақ еліне келген жалпы беттік зияны.
- Тоқа, енді бұл жерде бір сұрақ қоя кетсем, қазіргі таңда жалпы өліп жатқан адамдардың көбісінің бұрын бір жерлері ауырып жүрген адамдар. Осы жайында не айта кетесіз? Яғни қоздырғыштық қасиеті жоғары ма? 
- Енді бұл өкпе қабынуы болсын, тұмау болсын, коронавирустың анықталғаны болсын бәрі бір, бұрын денсаулығында қан қысымы бар, қанты жоғары адамдар, жүрегі ауыратын адамдар, қан тамырында кінәрат бар адамдар және бұрындары азды-көпті өкпе ауруымен ауырған адамдар, бронхы ауруымен ауырғандарға өте ауыр келді. Осылардың көбін қоздырып алып кетті. Ал енді басқада ауруы бар адамдарға тиді. Жалпы беттік бұл жолы қарттарда көлемдірек болды, тіптен өрімдей жастарды да алып кетті. Бірақ бұрынғы қосымша аурулары бар адамдардың да аман қалғандары бар. Бұрын қосымша ауруы жоқ адамдардың да өмірін жоғалтқандары да бар. Тек қана дер кезінде емделу, дер кезінде вирустан құтқару амалдарын қолданған адамдардың көбі аман қалды. Құтқару амалдары дегеніміз вирусқа қарсы, әл қуатын күшейтуге қарсы система, дәрі-дәрмек ішкендер аман қалды. 
Бұл ауру өкпе, тыныс жолдарын шектеді. Сол үшін жаңағы кислород алғандар, таза ауамен демалғандар және нерв жүйесін жақсы ұстағандар, яғни алдын ала уайымдамай, өзін-өзі сабырға шақырып, мойынсал болмай, рухын биік ұстаған адамдар аман қалды. Ал денсаулығы жақсы бола тұра короновирустың қаупін ойлап, уайымдап сол аурулармен бірге ауруханаға жатып, осы аурудың кесірінен кетіп қалған адамдар көп болды. Сол үшін мына ауруды ойлағанда жалпы беттік бізге бұл ауру нені үйретті дегенде біздің халқымыздың індетке дайын еместігін, мемлекетіміздің дайын емес екендігін көрсетті.

 - Тоқа, енді бір сұрақ – бұрында бұл ауру немесе осы тектес қатерлі жұқпалы дерттер болды ғой, сол кезде халқымыз қандай амалдар қолданған? 

- Бұрынғы кезде өз кезінде өзіндік сақтық қолданған. Сол кездің өзінде адамдар сақтық шараларын жасамағандықтан, білместіктен көп адамдар шығыны болған. Ал енді сол кездің өзінде осы ауруға қарсы тұратын адамдар қарсы тұра білген. Жаңағы шешектен қырылып қалды деген адамдардың денесінен сұйықтық алып, жергілікті көреген ғылыми адамдар қалған адамдарға сол сұйықтықты егу арқылы адамдарға иммунитеттік жүйе қалыптастырып аман алып қалған жағдайлар өте көп кездескен. Сол үшін жалпы беттік үлкен жақтан аурудың алдын алу шараларын білмесе де, дер кезінде сақтану шараларын қолдануға мүмкіндіктер болды.

Ол тұста ауа таза, ішіп-жем таза, ет-сорпа, сүт өнімдерін молынан пайдаланады. «Уды умен қайтару» деп улы дәрілер мен улы өсімдіктерді пайдаланған тәжірибелер де көп болды. Сол кезді қаншама ғылымсыз деп төмен санасақ та қазақ халқының ертеден жалғасқан сан түрлі емшілік амалдары болды. Сөйтіп, аурудың бетін қайтарған, одан аман қалған тарихи мысалдар көп.

 -  Өзіңіздің нақты іс-тәжірибеңізбен қарағанда бұл дерт хақында қалай ойлайсыз? 

-  Мен өзім осы жұқпалы ауруларын мамандығы бойынша оқуды тәмамдағам. Еңбек қызметім де жұқпалы ауруларды емдеу жолымен жалғасып келеді. Жалпы бұл жұқпалы ауруларды: жұқпалы ауру, тарқалмалы ауру, кең көлемді тарқалмалы ауру (партылау характерлі ауру) болып бөлінеді. Осының ішінде кең көлемді тарқалмалы ауру қазіргі коронавирустың сипаттамасына келеді. 
Жалпы келесі кезеңде айта кетерім осы жұқпалы аурудың шығар жолы біреу ғана: коллектік иммунитеттік жүйе қалыптастыру. Былайша айтқанда барлық адамда ұжымдық иммунитеттік жүйе қалыптастырып, қарсылық қуат қалыптастыратын вакцина (екпе) егу керек. Қоғам болып, жұмыс орындары болып, отбасы болып – барлық адам қатаң сақтану шараларын сақтап, ауруға қарсылық қуатты жанмен де, тәнмен де, ортамен де ортақ қалыптастырсақ, оны жеңе аламыз. 
Екінші толқын, үшінші толқын келе жатыр дейміз. Оған дайындалып үлгереміз бе жоқпыз ба әлі белгісіз. Ал енді қазір ақпараттық жүйе жақсы дамыған. Бірақ осы ақпараттың да шынайысы бар және шынайы емесі бар. Қазіргі таңда коронавирусқа нақты шыққан емі де екпесі де іске асып шыққан жоқ. Келесі толқыны келгенше Қазақстанда үлгеріп іске асатынына сенім жоқ. Олай болса мемлекетке, емханаға жалтақтаудың қажеті жоқ. Барлық қоғам жұдырықтай жұмылып, дертпен күресуі керек.
- Біздің елде таралып жатқан вирустың баса елдерде таралып жатқан вирустан айырмашылығы бар ма? 
-  Біз қазір әлем бойынша таралып жатқан вирустың симптомдық белгілерінің адамдарға беріліп жатқан жерлерінің ұқсастығы да ұқсамайтын тұстары да бар. Жалпы айтқанда қаннан алынан тесттің анықтау парқы әр елде анықтау пайызы ұқсамайды. Мәселен ауру белгілері ұп-ұқсас болса да тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткендері де бар. Әр мемлекеттегі ауа райына байланысты, әр адамның денсаулығына, ішкен ас-тағамы мен жасаған ортасына қатысты әр түрлі қабылдауына байланысты бір-біріне ұқсамайтын жерлері бар. Коронавирус бүкіл әлемге таралды. Сондықтан ұқсайды. Ұқсамайтын жерлері оның орналасқан жері, теңіз деңгейінен биіктігі, климатына байланыты таралуы ұқсамайды. 
- Емдеу кезіндегі қателіктер туралы не айтасыз? 
- Бұл ауруды емдеген кезде адам денсаулығында біріне-бірі қарама-қайшылық қалыптасуы мүмкін. Ол дәрігердің біліктілігіне, жан-жақты ойластыруына байланысты. Қазіргі таңда медицина саласының бір қателігі адамды емдеу процесінде әр салаға бөліп тастады, мысалы мен тек жүрекке қараймын не болмаса бауырға, басқа ағзаларға қараймын деп адамның организмін бөліп тастады. Адам бір тұтас дене. Сондықтан толық қарайтын мамандарды дайындау керек деп ойлаймын. 
Аурулардың жағдайы алуан түрлі. Алуан түрлі адамға алуан түрлі рецепт арқылы түрлі емдік әдістерін жасау керек еді. Бірақ қазір біртұтас протокол жүйесі арқылы емдеу әдісі қалыптасқан. Сол үшін осы протокол біраз адамдарды емдеп жазады, бірақ адамдарға кері зиянынын да тигізіп жатады. Сондықтан да осы протоколдан құтылуымыз керек еді. Әр адамның шынайы жағдайына байланысты емдеу жүйесін қалыптастыру керек еді. Әр дәрігер сол мезетте аурудың жағдайына байланысты емдеу шараларын дер кезінде қабылдау керек еді. Бірақ біз бір протоколға қарап қалғандықтан, көптеген нәрседен үйлеспестік, нақтылы ем-шараларын таба алмадық. Сол үшін осы протоколдан да аз зиян шекпедік.

 -  Енді осы ауруды, беті қайтты деп жатырмыз, жазылып жатыр дейміз. Осының барлығы мемлекеттік күш-қуаты ма, әлде дәрігерлердің көмегі ме, әлде жалпы аурудың таралу уақыты тамамдалып, қайту үстінде ме қалай түсінеміз? 

- Ауру деген толқын формалы болады. Аурудың жұғуының жасырын дәуірі болады, содан жұғымдану дәуірі болады, одан кейін биікке көтерілу, яғни шырқау шегіне жету, қайту деген секілді мезгілдерге бөлінеді. Сол үшін жаңағы ауру толқын формалы болады. Мүмкін сол біз толқын формада ойнап жүрген шығармыз. Мүмкін қазіргі таңда жүргізіліп жатқан карантиннің де пайдасы тиіп жатқан шығар. Мүмкін жаңағы ауа райы, климаттың бір-біріне деген үйлестік тауып аурудың беті қайтқан шығар. Мүмкін адамдарға иммунитеттік жүйе қалыптасқан шығар. Барлық адам жұқтырып болып, бұл ауру азайған шығар.
- Түркіменстанда бірде-бір ауру тіркелген жоқ дейді, сонымен қатар Монголияда да бастапқы 3 адамнан кейін ешкім ауырмады деп есептейді. Бұл қалай? 
- Иә, енді олардың сақтану қуаттылығы жоғары болған шығар, оны дөп басып ешкім айта алмайды. Мүмкін оларда бір мезгілі келгенде оларға да жұғуы әбден мүмкін. Оны ешкім кесіп айта алмайды. Кепілдеме жоқ. Ал, біздің елге келсек біздің елімізде, халқымызда бейқамдық болды. Жан-жақтылы үйлесімділік тапқан дайындық болмады. Сондықтан біздің мемлекетімізде бұл ауру жаппай тарады. Көп зиян шектік. Осы ауруды бастан өткіздік. Енді бұдан кейінгі толқын жеңіл болуы мүмкін. Я, келмеуі де мүмкін. Басқа елдердегі жағдайдың өзгерісшеңдігі де аурудың өзгерісшеңдігі секілді бір ғана қағида-заңға бағынбайды. 
- Сізге дәрігер ретінде осындай аурулар алдыңызға келді ме? Келсе оған қандай ем-шаралар қолдандыңыз? Немесе олардың жазылу деңгейі қанша жоғары деңгейде?

 -  Осы аурумен ауырды деген нақтыланған және нақтыланбаған жүздеген, мыңдаған адамдар келді. Нақтылы тесттен шығып, өздерін анықтаған адамдарды біз оқшауланған дәрежеде ұстадық. Ал тесттен шықпай жеңіл дәрежеде өкпе қабынуы немесе тұмаумен ауырған қаншалаған адамдарды емдеп жаздық. Тіпті кейбір ауырған адамдарды ажал аузынан алып қалдық. Және бұл жерде тағы бір ерекше айта кетерлік жайт, яғни осы ауру өзімізге жұғады-ау деген ойдан аулақ болдық, ерекше сескенбедік, қорықпадық. Өз қаперімізге алмай, жұқпайтындай сезініп батылдықпен емдеу жүргіздік. Тіпті біздің дәрігерлер мен медбикелерімізден, қызметкерлерімізден ауру белгілері байқалмады, тіркелмеді. Себебі біз қорықпайтын иделогиялық қарсылық қуатпен қатерге қарсы тұруға дайын болдық. Ұжым бойынша жан-жақты дайын болдық. Мүмкін осының көмегі тиген шығар. Барлық қызметкерлерді арнайы сынама тестілеуден өткіздік, ешқайсысынан короновирус анықталмады. Бірақ бәрімізден жеңіл дәрежелі белгілері байқалды. Алдын ала бәрімізде осы емге қарсы система, дәрі-дәрмек қабылдадық. 

- Адамдарды қалай емдеп шығардыңыздар? 
- Кәдімгідей бірнеше баспалдаққа бөліп емдедік. Бұл ауруларға біріншіден күшті антибиотиктер қолдандық. Екінші вирусқа қарсы системалар салдық. Үшінші қарсылық қуатын арттыратын систама алдырттық. Төртінші қан айналымын жақсартатын системалар салдырттық. Қосымша аурулардың имундық жүйе қалыптастыратын нүктелері арқылы массаж жасадық, ине салдық. Сонымен қоса тоқ массаж, жаңа технология, яғни биомассаж қолдандық. Осындай ем-шаралар қолданып, ауруларға ауырмау, ауырулардан қорықпау жөнінде үгіт-насихат жүргіздік. Сақтану керек, бірақ қорықпау керек деген сөзді ұран ретінде қолдандық. 
- Сөз соңында не айтасыз? 
- Жалпы, пайғамбарымыздың хадисиндегі: «кәріліктің ғана дауасы жоқ, қалған дерттің бәрінің де емі бар» дегеніндей, бұл дерттің де емі бар, дауасы бар. Алайда адамзаттың алапат дертке болған дайындықсызыдғынан сүрінулер болды. Мұның бәрі тәжірибе-сабақ, алланың сынағы. Сондықтан да адамдарда «мен ауырмаймын» дейтін ерік, жігер болуы керек. Ауыра қалғанда бүкіл жанымен де, тәнімен де оған қарсы тұра біліп, дәрігер кеңесі арқылы ауруды жеңіп шығуы керек. Қазір әлем бойынша дерттің беті қайта бастады. Олай болса, біздің елімізде де аурудың беті қайтты деген сөз. Алда-жалда, келесі толқыны келе қалған күннің өзінде біз қарсылық қуатымызды бекемдеп алдық. Дегенмен де бейқамдыққа берілмей, дертті түбірінен, тамырынан құртуымыз қажет.