OrdaMed басшысы қамауға алынды

1 512

Фото: AP photo /  J Pat CarterКомитетке қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "OrdaMed" компаниясының заңсыз әрекетін әшкерелеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Мемлекеттік емдеу мекемелеріне 28 медициналық жабдық жеңілдетілген шарттармен жеткізілген. Соның барлығы "отандық тауар" деп көрсетілген. Сол үшін преференциялар беріліпті. Алайда іс жүзінде медициналық жабдық дайын күйінде шетелден жеткізілген. Осы заңсыз схеманың салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келген.

"Тінту шаралары барысында "OrdaMed" АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленген, "Interdentica", "Erkin Brand" және "OrdaMed" компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды", - делінген ресми хабарламада.

Сот санкциясымен "OrdaMed" АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.