ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды сақ болуға шақырды

2 331

Фото: gov.kzАлаяқтар енді халықты скринингтен өтуге "шақыра" бастады.  

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, СМС арқылы келген кодты жазып, тексеруден өтетінін растауды сұрайды. Ешқандай мемлекеттік медициналық мекеме СМС код арқылы жазбаны растауды талап етпейді", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мұндай код цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады және оларды басқа адамға мүлде беруге болмайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.