Ақ халат пен қара ниет: Нефрологтың өліміне кім кінәлі?

2 569

Фото: belmarket.byАқтөбелік нефролог Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот үкімі шықты. 69 жастағы дәрігерді өлтірді деген күдікпен әріптесі, 31 жастағы мейіргер Нұрсұлтан Шаймерденов айыпталды,- хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Сот Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі  8-тармағы ("Адам өлтіру") және 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша оны кінәлі деп танып, 20 жыл бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ Шаймерденов марқұмның мүлкін ұрлағаны үшін де жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол моральдық және материалдық шығын ретінде 15 млн теңгеден аса қаржы төлеуі міндеттелді.

Айта кетейік, оқиға 2025 жылдың 24 мамырына қараған түні орын алған. Қылмыскер Айсағалиевке пышақ пен балта қолдану арқылы азаптап мерт қылған. Сараптама нәтижесі бойынша оның өкпесі мен жүрегі зақымданып, көп қан жоғалтқанын көрсетті. Дәрігердің мәйіті бір аптадан кейін табылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.