ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «АНАЛАР САУЛЫҒЫ»БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ

2 283

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіДенсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді.

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.

Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.

Гравидаралды даярлық - денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені.

Еліміздің әрбір әйелі жас кезінен бастап уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды.

Еліміздің әрбір әйелін емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырамыз.

Бүгінгі таңда біздің елде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел.

Олар отбасыларда орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.