Еліміздің үш өңірінде медицина қызметкерлері ұсталды

272
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлерінің ұсталғаны туралы айтты.

Оның айтуынша, кеше Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарында вакцинация төлқұжаттарын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталды.


 "Олар іс жүзінде вакцинация салдырмаған адамдарға құжаттар рәсімдеп, вакцинаны жойған. Көріп отырғаныңыздай, халықтың денсаулығы байыту объектісіне айналды, ал бюджеттен бөлінген ақша босқа кетіп жатыр. Мұндай жалған паспортты алған адамдар ертеңгі күні қасымызда жүреді, бір көлікте отырады, бір ұшақпен ұшады", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.