Жақын күндері алғашқы крематорий жұмысын бастайды

2 542

Фото: Tengrinews.kzАлматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы крематорийдің жақын күндері іске қосылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелген.

— Қабылданған өзгерістер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Аталған бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий өз жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіпте қызмет көрсетеді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алматы патологоанатомиялық бюросының бақылау кеңесі қазіргі уақытта кремация қызметтерінің баға тізімін бекітіп жатыр.

Қызмет тарифтері мен көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында қосымша жарияланады.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.