Халықтық штаб мүшелері Қызылордада медицина саласының өкілдерімен кездесті

2 360

Фото: «AMANAT» партиясы

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері Жоғары медицина саласының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Басқосуда еліміздегі атом энергетикасын дамыту тиімділігі мен пайдасы талқыланды. Ағымдағы жылы мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында да атом энергетикасын іске асыру, елдегі электр қуаты жетіспеушілігінің алдын алу мәселесі сөз болған еді. Жалпы, бүгінде оңтүстік өңірлерде электр қуаты жетіспеушілігі салдарынан қажетті тоқ көзін шетелден сатып алудамыз. Еліміздегі күн сайын өсіп жатырған моно қалалар мен мегаполистер, ауқымды құрылыс жобалары және демографиялық ахуал электр қуатына деген сұранысты арттыруда. 

"Бірнеше жыл бұрын Корей мемлекетінде болып, олардың атом энергетикасын өндіру технологиясымен таныстым. Атом станциясы мағында қуатты дамыған қалаларды байқадым. Ең қызығы, станцияның маңайында жеміс-жидек сатып отырған азаматтарды да көзім шалды. Сонда, уранды өндеу кезінде оның бар зияны, тарататын радиациясы сол жерде қалатынын, атом энергетикасының маңайындағыларға зияны тимейтініне көзім жетті. Жалпы, адамзат баласы қолданып жүрген кез-келген нәрсенің өзінің зияндығы бар. Ұшақ та радиация бөледі, желдеткіштің ішіндегі фрион да улы заттардың бірі. Бірақ, жоғарғы технологияның арқасында олар арнайы бактың ішінде өңделіп, зияны жақын жерге тарамайды«,- штаб мүшесі Мұрат Әбенов деді.

Кездесуде медицина саласының өкілдері атом энергетикасының адам денсаулығына әсері, мамандарды даярлау, атом құрылысы және халықаралық шарттар жайлы сауалдар жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында болған Республикалық халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Керделі ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, АЭС салу мәселесінің маңыздылығын жеткізді.

Кездесуде сөз алған Сенат депутаты Наурызбай Байқадамов мамандардың электр қуатын тұтыну көлемінің артып отырғандығын атап өтті. 

«Жалпы мамандар электр қуатының жыл сайын 3 пайызға артып отырғандығын айтуда. Ал өзімізге келсек, электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Яғни, электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да үлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Осы орайда дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын», — деді.

Ал, Сенат депутаты Руслан Рүстемов атом энергетикасының жаһандағы дамуы төңірегінде тоқталды. 

«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Қазіргі уақытта III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Бастапқы лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қондырғыларды ұзақ мерзімді пайдалану көптеген елдерде қалыпты жағдайға айналды»,-деді ол.