ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ВЕНГРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 178

Фото: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіБүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі барысында бірқатар басым бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының соңғы отырысы хаттамасының шеңберінде медицина және фармацевтика өнеркәсібінде медицина кадрларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру, ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа инфекцияларды стратегиялық моделдеу және болжау мәселелері бойынша әріптестікті кеңейту белгіленген болатын.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Венгрия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.