Шетелде Қазақстандық азамат комаға түсті
Таиландқа демалысқа барған қазақстандықтың жағдайы кенеттен нашарлап, комаға түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
36 жастағы Қостанайлық азаматшаны туыстары елге қайтаруға қиналып отыр. Себебі ол өкпе жасанды желдету және гемодиализ аппараттарына қосылған. Ал аурухана күтім үшін күніне 1 миллион теңге алып отыр.
Алексей Вивтоненконың шетелде жүріп сноуборд, байк пен белсенді демалыста болған. Алайда соңғы күндері асқазаны ауырған. Кейін құсып жеке клиникаға жүгінген. Бірақ 2 күннен соң жағдайы нашарлап кеткен. Соңында өткір панкреатит, сепсис және жасанды кома анықталған. Ер адам 2 аптадан бері өкпе мен бүйректің қызметін алмастыратын аппараттарда жатыр.
Оқиғадан кейін Пхукетке Алексейдің ағасы Тихон Вивтоненко шұғыл ұшып барған.
Барлық емдеу шығындарын Алексейдің туыстары төлеп отыр. Ал аурухана шоттары өте қомақты. Туристерге арналған стандартты медициналық сақтандыру мұндай күрделі жағдайға жарамайды.
Алексейдің туыстары Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің көмегіне сеніп, азаматты санавиациямен елге әкелуді сұрайды. Бірақ ведомство бұл өтінішті пациенттің қазіргі жағдайына байланысты қанағаттандырмай отыр.







