Қызылордада 32 жастағы жігіт жеңгесіне бауырын берді

2 684

Фото: pixabay.comҚызылордада тұңғыш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 32 жастағы жігіт 40 жастағы жеңгесіне бауырының бір бөлігін берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әйелге он жылға жуық уақыт бұрын бауыр циррозы диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған ауырсынуды басу, қабынуды азайту үшін дәрі-дәрмектер қолданып көмектеспек болған. Алайда бұл емнен еш нәтиже шықпаған.

Қиын да күрделі отаны облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймаханов бастаған трансплантологтармен бірге жасады.

"Науқастың күйеуі, бауыры донор болуға тілек білдірген. Бірақ жарамсыз болып шықты. Донор ретінде қайын інісінің бауырының 60-65 пайызы реципиентке салынды. Он сағатқа созылған ота сәтті аяқталды", – деді орталық басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаковтың айтуынша, өңірде 764 адам бүйрек, 76 науқас бауыр ауыстыру кезегін күтіп тұр.

"2023 жылы облыста алғаш рет бүйрек трансплантациясы жасалды. Ал кеше тұңғыш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды", – деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.