Балалар арасында жіті ішек инфекциясы көбейді

2 616

Фото: Виктор ФедюнинБиыл 6 айда 750-ден астам адам жіті ішек ауруына шалдықты. Оның көбі бала, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанованың хабарлауынша, жіті ішек ауруына шалдыққандардың 95% балалар. Былтыр 6 айда 600-ден астам адам ауырды.

— Саралау кезінде науқастардың 21% астамы сүт және сүт өнімдерін, 14,4% ет және ет тағамдарын, 12,7% көкөніс пен жеміс-жидек тұтынғаны анықталды. Сақтау мерзіміне қарамағандары да бар. Сонымен бірге балалар тағамынан, үйде піскен тағамды дұрыс сақтамағаннан да ауырып, дәрігерге қаралды. Ауру негізі көктем және жаз айларында көбейеді, — деді Индира Аяғанова.

Жіті ішек инфекциясы — жұқпалы ауру. Микроб адам ағзасына түскен соң 2 сағатта ауру белгілері анықталады. Ол 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Асқазан, ішек жолдарын зақымдап, дене қызуы көтеріліп, бойды әлсіздік билейді. Эпидемиолог мамандар мұндайда дереу дәрігерге қаралып, ем алуға шақырды.

Ал Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Анарбек Кенжебаевтың айтуынша, облыста 7 жазғы лагерь жұмыс істеп тұр. Бұл демалыс орындарында жұқпалы ауру тіркелмеді.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері жедел ішек инфекциясын жұқтырудың 342 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7 жағдайға төмен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.