Елордалық нейрохирургтар миға бірегей операция жасады

2 689

Фото: pixabay.comАстанадағы Ұлттық ғылыми медицина орталығында миға бірегей операция жасалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жас пациенттің қос жанарын сақтап қалу үшін ақхалаттылар 13 сағат тер төкті.Тоқтар Қалмаханұлы миында ісік барын кездейсоқ білген. 18 жастағы жігіттің оң көзі сыр бере бастаған соң ол алдымен көз дәрігеріне барған. Ал окулист көру қабілетінің бұзылуы мидағы өзгерістерден болуы мүмкін деп науқасты нейрохирургке жібереді.

Үлкен қауіпке қарамастан операция сәтті аяқталды. Қазір емделушінің қол-аяғы сау, көзі жақсы көреді, жағдайы оңалды. Ісік мидың жүрек, көз, құлақ, тыныс алу қызметтеріне жауап беретін бөлігіне жақын орналасқан. Сондықтан сау тіндерді зақымдамай ісікті алып тастау қиынға соқты дейді дәрігер. Бірақ абырой болғанда, операция оң нәтиже берді.

Ұлттық ғылыми медицина орталығында осындай оперциялар 2020 жылдан бері жасалады. Ел азаматтары үшін күрделі операция медицицналық сқатандыру аясында тегін. Бұдан бөлек, орталық қантамыр және ми негіздерінің ісіктерін емдейді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.