Соңғы 3 жылда 100-ден астам бала терезеден құлаған

2 507


дереккөз: чат gptРесми деректерге сәйкес, соңғы үш жылда 100-ден астам бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап, көз жұмған. Ал 600-ге жуық жеткіншек түрлі деңгейдегі жарақат алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар көбіне ата-ананың балаларды қараусыз қалдыруы, сондай-ақ терезелерге қорғаныш құралдарын орнатпау секілді қарапайым қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болады. Әсіресе, жаз мезгілінде мұндай жағдайлар жиілей түседі.

Мәселен, 2024 жылы дәрігерлердің көмегіне 12 мыңға жуық ата-ана жүгінген. Ал былтыр бұл көрсеткіш 10 пайызға артқан.

Балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Жағыпаровтың айтуынша, жыл сайын балалар жарақаты әлеуметтік мәселеге айналып барады.

– Самокаттардың көбеюі, балалардың велосипедпен жиі жүруі, сондай-ақ ашық қалған терезелерден құлау жағдайлары жиілеп отыр, – деді маман.