Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ

285
Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

«Бүгінде Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ. Вирусты секвенациялау жалғасып жатыр. Біз бұл жұмысты ай сайын тұрақты жүргізіп келеміз. Бүгін Үкімет отырысында аталған штаммдарды секвенациялау жұмысын жалғастыру әрі жандандыру туралы қосымша шешім қабылданды. Таяу уақытта, шамамен желтоқсанның үшінші онкүндігінде бұл процедуралардың нәтижесін білетін боламыз. Әзірше тіркелген жағдайлардан омикрон штамының ПТР тестілеуге сезімтал екендігі, оны анықтауға болатындығы белгілі. Демек ПТР тестілеу барлық пациенттен штаммды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін вирус секвенациясына қосымша зерттеу жүргізу қажет. Бұл үлкен жұмысты қажет етеді. Шамамен 2-4 апта кетеді. Сондықтан бұл жұмысты бастадық. Желтоқсанның соңында Қазақстан аумағында айналымда жүрген штамм түрлеріне қатысты толық картина қолымызда болады», - деді ол Үкімет отырысынан кейін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.