«Тамақ ішіп алайық!»: Дәрігерлер қансыраған науқасты қабылдамады

326
Қоғам белсендісі Мұрат Әбенов Facebook желісіне Теміртау ауруханасындағы келеңсіз жағдайдың видеосын жариялады деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бейнежазбаның авторы қолын кесіп алған соң, дәрігерлерге жүгінген екен. 


«Қолды тігу керек болды, ал дәрігерлер: «Күте тұрыңыз, түскі ас уақыты», – деді. Бұл –  біздің қаланың дәрігерлері. Ар-ұждан, ұят жоқ», – деді жаралы азамат.
Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Олар бұл оқиға биылғы 23 маусымда Теміртаудағы жекеменшік («МЦ «Будь здоров» ЖШС) емханалардың бірінде болғанын мәлімдеді.
«Науқастарды қабылдау кестесіне сәйкес емхана хирургы сағат 14.00-ден бастап жұмысын бастайды. Науқас өзі жоқ кезде шұғыл медициналық көмекке жүгінген. Жедел медициналық көмек уақтылы көрсетілмегендіктен, медбике сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Емхананың дәрігерлік кеңесінде жағдай жан-жақты зерттелді. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық қорытындылар жасалады» деп жазылған ресми хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.