Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білу керек?
312
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына жарна төлеуден босатылған азаматтар санаты белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1- қаңтардан бастап қолданылады. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 еседен астамға өсті: 2019 жылғы 1 трлн теңгеден 2021 жылы 2,2 трлн теңгеге дейін. 2022 жылы халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарланған. МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.
МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:
ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
3) иммундау (вакцинация);
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
3.Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
1. 18 жасқа дейінгі балалар. Балаға туу туралы куәлігі табысталған, яғни жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілген уақыттан бастап "сақтандырылған" болып саналады.
2. Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар. Мұндай мәртебе алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет.
3. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер. Аталған жеңілдік санатына ену үшін әйел тіркелген емханада жүктілігі бойынша уақытылы есепке тұруы тиіс. Соңғы 2 айда ол үшін зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмауы шарт. Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және өз қызметін тоқтатпаған әйелдер, сондай-ақ БЖТ төлейтін әйелдер жұмыс істейтін болып саналады және жеңілдік санатына енгізілмейді.
4. Үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін тұлға. Бұл санаттағылар автоматты түрде "сақтандырылған" мәртебесіне ие болады, бірақ ресми түрде жұмыс істемеу және де олардың атына соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жасалмаған болуы шарт.
5. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы тұлға. Олар демалысқа ресми түрде шыққан кезде "сақтандырылған" мәртебесін алады.
6. Мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар. Баланың тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері базаға енгізіледі. Кейін автоматты түрде "сақтандырылған" мәртебесін иеленеді.
7. Бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам. Мүмкіндігі шектеулі жанның тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері базаға енгізіледі. Ізінше "сақтандырылған" мәртебесі автоматты түрде беріледі.
8. Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл жерде мемлекеттен сақтандырылғандардың тізіміне Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы алатындардың ғана енгізілгенін атап өту қажет. Зейнетақыны әлі ресми түрде рәсімдемеген адамдар және басқа мемлекеттерден зейнетақы алатын адамдар жеңілдік мәртебесін ала алмайды. Зейнеткерлік жасқа жеткендерге жеңілдік мәртебесі берілмейді, бірақ зейнетақының орнына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады.
9. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сот үкімі бойша жазасын өтеп жүрген адамдар. Бұл жеңілдік санатына ену үшін қамаудағы мекеменің жауапты қызметкері жазасын өтеуші адамның деректерін ақпараттық жүйеге енгізуі қажет.
10. Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар. Бұл санаттағылар туралы мәліметті уәкілетті органның қызметкерлері жүйеге енгізеді.
11. Жұмыс істемейтін қандастар. "Қандас" куәлігін алған соң, соңғы екі айда МӘМС үшін төлем жасалмаған болу керек. Сонда автоматты түрде жеңілдік санатына енгізіледі.
12. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар. Автоматты түрде "сақтандырылған" мәртебесіне ие болады.
13. Мүгедектігі бар азаматтар. Ресми құжаты шыққан кезде, мәртебе автоматты түрде беріледі.
14. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу орнында білім алатын адамдар. Қазақстанда оқитын студенттер жеңілдетілген санатқа автоматты түрде қосылады. Бұл жерде шетелдік оқу орындарында оқитын, қазақстандық күндізгі оқу бөлімінің студенттері МӘМС жүйесінде "сақтандырылған" тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайтынын ескеру керек. Олар egov.kz электрондық үкімет порталындағы сервисті пайдалана отырып, жүйеде өз бетінше тіркелуі қажет. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек. Іздеу жолағына "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" деп теру; Ашылған терезеде өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру; Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою; Көп жағдайда сақтандыру бойынша жеңілдік өтінішті дұрыс толтырған уақытта 10 жұмыс күні ішінде беріледі; Егер сақтандыру бойынша жеңілдік көрсетілген мерзімнің ішінде берілмесе, онда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық департаментіне хабарласу қажет. Студент әрбір семестр аяқталғаннан кейін сақтандырылу мәртебесін тексеруі және оқудың өзектілігін растауы қажет екендігін есінде ұстағаны дұрыс. Өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.
15. Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Әлеуметтік төлем тағайындалған кезде "сақтандырылған" мәртебесі автоматты түрде беріледі.
Егер сіз осы 15 санаттың біріне кірсеңіз, бірақ "сақтандырылмаған" болсаңыз, растайтын құжаттар тізімін жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру керек. Ақпарат мемлекеттік органдарға бағытталып, тиісті шаралардан соң мемлекет сіз үшін жарна төлей бастайды және "сақтандырылған" мәртебесі беріледі. Азаматтарға fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық үкіметтің egov.kz сайтындағы "Денсаулық сақтау" бөліміне өтіп, "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге мүмкіндік бар.

- әлеуметтік бағдар – мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді;
- ортақ жауапкершілік-халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;
- медициналық көмекке тең қолжетімділік-әрбір сақтандырылған тұлға төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлеміне құқығы бар;
- ақша пациенттің артынан жүреді - пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, егер ол ұйым Қордың өнім берушісі болса ғана;
- пациенттің құқықтарын қорғау-Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді.
ТМККК
Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі беріледі:- Қазақстан Республикасының азаматтарына,
- қандастарға,
- босқындарға,
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге,
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.
ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:
- Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек.
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
3) иммундау (вакцинация);
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
3.Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
- Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.
- Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.
- Медициналық оңалту:
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
- Паллиативті медициналық көмек.
- Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
- Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
- Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.
- Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.